Қызылордада көлік қаққан адам қайтыс болды

1001

0

Қызылорда облысы Қазалы ауданында белгіленбеген жерден жеңіл автокөлік қағып кеткен жаяу жүргінші қайтыс болды.

Оқыс оқиға 24 маусым күні тіркелді. Адам қаққан көлік жүргізушісі ұсталды. «Аталған оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда автомобильді басқаратын адамның жол қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әділжан ҮМБЕТ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<