«Шіркейлінің» сағасы қайта жаңғыруда

399

0

Өткен жылдың қазан айынан бері «Қызылорда» су торабында қайта жаңғырту жұмыстары жүруде. Бас мердігер – «CaspianContrctorsTrust» ЖШС. 1956 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген тоспадағы құрылыс жұмысы бүгінде қауырт.


Аталған тоспа қаладағы Тасбөгет кентіне қарасты аумақта орналасқан. Салыну мақсаты – Сырдариядағы су ағынын реттеу, сондай-ақ егістік пен жайылымдық жер­лерді суландыру.


Құрылыс басында жоба жетекшісі Қайрат Ибраевпен кездестік.


– Жобаның құны 2 млрд 600 млн теңге. Былтыр қазан айында бастадық, 2022 жыл­дың аяғында барлығын бітіру басты жоспарда. Өздеріңізге белгілі, биыл қыс ерте түсті, оның үстіне суық жел де бар. Сонда да жұмысты тоқ­татпауға тырыстық. Мұнда 70-ке жуық жұмысшы болса, оның барлығы қызылордалық жігіттер. 15 техника бар. Бірінші кезеңде 80 мың гектар жерді суландыруға қауқарлы «Шіркейлі» арнасына түсетін су тоспасын жөндеуді баста­ғанбыз. Үш аптадан соң бұны да бітіріп, каналға су жібері­леді. Өйткені, егістікке кедергі келтірмеуіміз керек, – дейді Қ.Ибраев.


Айта кету керек, жөндеу жұ­­­мыстарына қолда­ны­лып жат­­­қан құрылыс материал­да­ры­­ның 90% – жергілікті жер­­­дің өнімі. Алдағы уақытта да­­рия­­­ның өзіндегі тоспа мен гидро­қондырғы да жөндеуден өтеді. Жоба жетекшісінің айту­ы­н­ша, басты мақсат – тос­паны жөндеуде сапасын жо­ғалт­пау, мерзімінде тап­сыру және жұ­мысшылар құқығын сақтау.


Ержан ҚОЖАС,
«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<