Ынтымақ – ырыстың басы

3351

0

Еліміздің өркендеу жолында халық бірлігі мен жүйелі реформалар өте маңызды. Сондықтан ХХІ ғасырда ел тұрғындары терең білімді болуы қажет. Әсіресе ақпараттық технологиялар жоғары дамыған қазіргі қоғамға ұлт сапасын арттыру өзекті.

Президент халыққа Жолдауында пандемия кезіндегі қашықтан оқытудың нәтижесіне тоқталады. 2020 жылдың наурызынан білім беру ұйымдарының қашықтан оқытуға көшуі осы оқу форматының тиімділігі мен салдарын, оның пандемиядан кейін қолдану басымдықтары туралы қызу талқылауды тудырғаны анық. Экономиканы цифрландыру үдерісі кезіндегі бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау міндеті тұрды. Біздің ойымызша, қоғам мүшелерінің қашықтан оқытуға теріс көзқарасы бір жағынан, онлайн білім берудің педагогикалық теориясы мен тәжірибесін жан-жақты түсіну бойынша ауқымды ғылыми зерттеулердің болмауынан туындады. Екінші жағынан экономиканы цифрландырудың қазіргі кезеңіндегі білім мен тәрбиенің педагогикалық мақсаттары мен білім беру ұйымдарының тікелей қызметіне байланысты екенін түсінбеуден. Қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып онлайн-оқыту, электронды оқыту алдағы уақытта қандай жетістіктер әкеледі? Білім алушылар мен болашақ жағдайдағы кадрлар даярлауға сұранысын қанағаттандырады, ақпараттық технологиялар көмегімен білімгерлерге ақпараттық қоғамдағы әлеуметтік және кәсіби қызметке толық және тиімді қатысуға, цифрлық экономикаға көшуге дайындау мақсатында белсенді танымдық және оқу қызметіне жағдай жасайды.

Жолдауда ғылымды дамыту аса маңызды басымдық екені айтылды. Жаһандану дәуірінде ғылым мен техника өте жоғары қарқынмен дамуда. Әсіресе, ғылымның білім беру саласына ықпалы өте зор. Сондықтан ғаламдық қажеттіліктер білім беру саласынан ғылым мен техниканың дамуын үнемі реттеп отыруын талап ететінін де айтқан жөн. Ғылымның дамуы студенттердің ғылыми сауаттылығы мен дағдыларын дамытуға, жеке және кәсіби табыстары мен қоғамдық өмірге қатысуына маңызды болатын икемдерді қалыптастыруға ықпал ете алады. Жоғары оқу орындарында білімгерлерді оқы­туда мамандықтың дәстүрлері мен ерекшеліктерін ғылымның дамуымен ұштастырып, оқытудың негізгі қағидаларын айқындаған дұрыс деп ойлаймыз.

Жолдауда ұлттың ұйысуы еліміздің дамуындағы басты фактор екені дәйектеледі. Қазақстандағы этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуы әралуандық негізінде бірлік пен біртұтастықты сақтаудағы барлық ұлттың түрлі мәдениетін ескерумен байланысты.

Елімізде «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деген халық пікірінің қалыптасуына толықтай негіз бар. Ол үшін әрбір азамат мәселенің маңызын түсініп, қоғам болып бірлесе жұмыс атқарғанда ғана оң нәтижеге жете алатынымызды ұғынуы қажет.

Ботагөз ПАРИДИНОВА,

философия магистрі, Қызылорда «Болашақ» университетінің қоғамдық пәндер, тарих және география кафедрасының меңгерушісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<