Жалағаштық кәсіпкер кәсібін кеңейтті

606

0

Болатбек Исаұлы 1997 жылдан бастап кәсібін жол бойындағы ескі вагонда мотор майларын сатудан бастаған. Ол автокөлік жөндеп, бөлшектер мен аксессуарлар сатумен айналысып, автобөлшектер сататын дүкен ашты. Ал 2018 жылы осы дүкен жанынан техникаға қызмет көрсететін үлкен станция кешенін салды.

Техниканы бір жерден жөндеп, қосалқы бөлшектерді ұсынатын ыңғайлы сервис болғандықтан көп тұрғын осы жерді таңдайды. Кезінде үлкен тәжірибе жинап, кәсіп бастаған кәсіпкер қазір ауылдастарын жұмыспен қамтып отыр. Әзірге кешенде 3 адам тұрақты жалақы алады.2019 жылы кәсіпкер сауда көлемін арттыру үшін айналым қаражатын толықтыруға мемлекеттік бағдарлама аясында «Даму» Қоры мамандарынан кеңес алып, «Еуразиялық банкке» құжат тапсырады. Нәтижесінде «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында алған несиенің жарты пайызын «Даму» Қоры субсидиялайды.

«Қазір автосервис көп. Сондықтан, адал, сапалы қызмет көрсетіп, дұрыс сенімге ие болу қажет. Жылдар бойы осылай адал қызмет еткен адамның кәсібі өркендейтініне сенімім мол»,- дейді Болатбек Мырзағали.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<