Жоғалған екі қыз табылды, үшіншісін іздеу жалғасуда

1100

0

Қызылорда қаласындағы «Атамекен» балалар ауылынан кетiп қалған кәмелетке толмаған қыздарға қатысты іздестіру іс-шаралары барысында 27 наурыз күні кешкі уақытта олардың екеуінің Алматы қаласында жүргені анықталды.

Жоғалған қыздар тұрғындардың қырағылығы, полицейлердің кәсіби шеберлігі және барлық әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа бағдарларды жаппай тарату арқасында табылды.

Қазіргі уақытта қыздар Алматы қаласындағы балалар үйіне жеткізілді.


Үшінші кәмелетке толмаған жасөспірімді іздестіру шаралары жалғасуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<