Қазақстанда 589 полиция қызметкері коронавирус жұқтырған

653

0

Елімізде 589 полиция қызметкері коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, шынымен де, бүгінгі күні тәуекел тобына Денсаулық сақтау министрлігімен қатар Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері де кіріп отыр. Өйткені блокпостарда шамамен 7 мың қызметкер тәулік бойы қызмет етті. Бұған қоса, адамдар көп жиналатын жерлерде де жаяу шолғындау жүргізіліп, тікелей байланыс болды. Сондықтан біз де тәуекел тобына ендік. Полиция қызметкерлері арасынан ішкі істер органының 589 қызметкері коронавирус жұқтырғаны анықталып, нақтыланды. Оның 419-ы жазылып шықты. 170-і әлі де карантинде ем алып жатыр», – деді Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар министр ішкі істер органдары, қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері және Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жоқ екендігін баса айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<