07.07.2021 жылы азанғы сағат 09:00 шамасында Қызылорда қаласы Амангелді көшесінің тұрғыны кәмелетке толмаған 04.05.2004 ж.т. Мингатаева Азалия Рустамқызының жоғалғандығы туралы арыз түсті.
Ата – анасының айтуынша, 17 жастағы жасөспірім 06.07.2021 жылы күндізгі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда облысы Полиция департаментіне, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз.
Ерекше белгілері: Бойы 160-165 см, арық денелі, шашы қара түсті. Киген киімдері: қызыл түсті футболка мен белдемше, ақ кросовка. Байланыс нөмірлері: 8(7242) 29-70-10, 29-75-20, 29-75-07 және 102 арнасы.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<