Шілденің шіліңгірі алда

508

0

Өңірдегі аптап ыстық бәрінің апшысын қуырып барады. Көлеңкенің өзі күйдіріп жіберердей. Синоптиктер шілденің басында да ыстықтың беті қайтпайтынын айтып отыр. Болжам еліміздің бірқатар өңіріне байланысты.

«Қазгидрометтің» 1-3 шілде аралығына арналған мәлі­ме­тінше, термометр бағаны түнде солтүстікте, оңтүстік пен ор­талықта – 12-25, күндіз 30-44 гра­дустан жоғары. Шығыста түнде – 12-20, күндіз 27-35 градус жылы. Ал батыста түнде – 15-26, күндіз 28-36 градус болады деп күтіледі. Бұған Иран аудандарынан ыстық және құрғақ ауа массаларының келуі себеп. Тек республиканың батысында, солтүстік батысында циклонның келуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ бұршақ жауып, жел екпі­ні­нің күшеюі және ауа тем­пера­тура­сының төмендеуі байқалуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар ми­нистр­лігі аптап ыстықтың әлі сақ­тала­тынын ескеріп, халықты аса қа­жеттілік болмаған жағдайда да­лаға шықпауға шақырды. Сондай-ақ төмендегіні қаперге алуды ұсынды:

– ағзаны сусызданудан қорғау үшін көп су, күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу;

– аптап ыстықта кез келген фи­зи­калық белсенділіктен бас тарту;

– күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабу;

– күн өтпес үшін бас киім, ашық ауа өткізбейтін киім (мақ­тадан жасалған) кию керек.

Төтеншеліктер осындай күн­дері, әсіресе, балаларды ерекше бақылауға алуға кеңес беріп отыр.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<