Адамзат тарихында алғаш рет: 2019 жыл ең ыстық уақыт болады

319

0

Адамзат тарихында 2019 жыл ең ыстық мезгіл болады. Эль-Ниньо фазасы қазірден басталды деп есептелінеді, – деп жазады Stan.kz сайты.
Ғалымдардың айтуынша, Эль-Ниньо фазасы жақындағанда Тынық мұхитының шығыс бөлшегі жылына бастайды. “Эль-Ниньо бойынша, 2019 жыл ең ыстық мезгіл болмақ”, – дейді Санта-Барбарадағы Калифорния университетінің ғалым-климатологтары. Адамдар соңғы кезде Эль-Ниньо белгілерін байқай бастады.
“Адамзат тарихында 2015-2018 жылдары ыстық мезгіл саналды. Оған көмірқышқыл газының көбеюі себеп болды. Дүниежүзілік метерологиялық ұйым мәліметінше, көмірқышқыл газы рекордтық көрсеткішке жеткен”, – делінген хабарламада.
Қазіргі жылы солтүстік жартышарда 70 тропикалық циклон мен жел болды. Ал, орташа көрсеткіш 50-ді көрсетті. Ғалымдардың айтуынша, ғаламдық салқындау мәселесі тез арада зерттеуді қажет етеді. Климаттың өзгеруі экожүйеге 2030 жылдан бастап әсер ете бастайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<