Алдашбай ахун ауылының әкімі сайланды

546

0

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес 2023 жылғы 7 тамыздан бастап Алдашбай ахун ауылдық округінің әкімі лауазымына Жақанов Ермек Молдабекұлы сайланды.

Е.Жақанов 1987 жылы 14 мамырда Қармақшы ауданы, Алдашбай ахун ауылдық округінде дүниеге келген.

2009 жыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.

Алғаш еңбек жолын 2006 жылы Алдашбай ахун ауылдық округіндегі №10 балабақшаның есепшісі қызметінен бастаған.

2007-2012 жылдары Алдашбай ахун ауылдық округіндегі №111 орта мектептің, 2012-2013 жылдары Жосалы кентіндегі №2 «Жұлдыз» балабақшасының, Т.Көмекбаев ауылдық округіндегі №185 орта мектептің есепшісі, Алдашбай ахун ауылдық округі әкімі аппаратының инспекторы қызметтерін атқарған.

2013 жылдың 1 қарашасынан бастап бүгінге дейін Алдашбай ахун ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<