Діни экстремизмге қарсы шаралар тоқтамайды

861

0

Қазақстанда радикалды және деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Еліміздің барлық өңірлерінде 2 мыңнан астам дінтанушылар мен теологтар түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстың негізгі бағыттары – мақсатты және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, деструктивті идеологиядан зардап шеккендерді оңалту және діни экстремизмге қарсы насихат жүргізу.

Ағымдағы жылдың 11 айында 28 мың түрлі форматтағы іс-шаралар, оның ішінде 952 мың адамды қамтыған жастар арасында 7,9 мың іс-шаралар іске асырылды. Аталған шаралар жұмыссыздар, жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, сотталғандар және олардың отбасы мүшелеріне және т. б. топтарға назар аудара отырып, жүргізілуде. Алдын алу шаралардың бірі – интернет кеңістігіндегі жұмыс. Мәселен, 2021 жылдың басынан бері интернет-кеңістікте діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 181 мыңнан астам материал анықталып, жойылды. 324 заңсыз материал бұғатталды. Өткен жылмен салыстырғанда жойылған және бұғатталған контент саны 8 еседен астам өсті.

Айта кетейік, экстремистік материалдарды бұғаттау және жою – бұл қазақстандықтардың радикалдануына жол бермеу үшін мәжбүрлі, бірақ басты шара емес. Бұл жұмыс діни экстремизмнің алдын алуға, халықтың радикалды насихатқа қарсы иммунитетін қалыптастыруға, азаматтардың экстремизм идеологиясының зиянды әсеріне түспеуі үшін медиасауаттылық пен сыни ойлау деңгейін арттыруға қайта бағдарланған. Жастар арасында тренд форматтарында профилактикалық контентті әзірлеуге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мектеп оқушыларына діни экстремизмнің қаупін түсіндіретін «MEIRMAN» комиксі шықты.

Бұдан басқа, азаматтардың дінтану сауаттылығын арттыру және деструктивті діни ағымдар идеологиясына қарсы іс-қимыл жасау үшін БАҚ-та, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде 132 мыңнан астам түрлі форматтағы жарияланымдар орналастырылған. Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда ақпараттық кеңістікте экстремизмге қарсы тақырыптағы жарияланымдар 2 есеге артты. Министрлік радикалды идеологияға қарсы насихат жүргізу, конфессияаралық келісім құндылықтары мен,зайырлы қағидаттарын ілгерілету жұмыстарын одан әрі ұйымдастырып, жалғастыратын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<