Емшімін деп алдап соққан

473

0

Шиелі ауданында емші кейпіне еніп, ақша алдап алған алаяқ ұсталған.

Шиелі аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны арызданды. Онда бейтаныс әйел оған «сенде дуа бар, емдеп беремін» деп, сеніміне кіргені айтылған. Салдарынан оның қымбат алтын бұйымдарын алдап алған. Артынша, алаяқ ізін суытқан. Келтірілген шығын көлемі – 500 мың теңге.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Ол Қарағанды облысының тұрғыны болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<