Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

489

0

Шаған ауылдық округіне бекітілген кестеге сәйкес кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Кене жәндіктері адамдардың денсаулығына зиянын тигізеді, себебі олар аса қауіпті Конго Қырым геморрагиялық қызба ауруын тасымалдаушы болып табылады. Кененің шағуы неге қауіпті? Кейбір кенелердің ағзасында өмір бойы сақталатын қауіпті жұқпалы ауруларды тарататын вирустар кездеседі. Осы вирустардың кене арқылы адам ағзасына енуі салдарынан өте қатерлі ауру Конго Қырым геморрагиялық қызбасы немесе халық аузында айтылатын «көкала» ауруы дамиды.

Адам өміріне қауіп төндірмес үшін, кенеге қарсы күрес жұмыстарын ұқыпты және уақытылы жүргізгеніміз абзал.

Залалсыздандыру жұмысына 5-автокөлік және арнайы киімдер мен жабдықталған жұмысшы топ келіп тиісті жұмыстарын жүргізді.

Шаған ауылдық округі әкімшілігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<