Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен өткен мәжілісте бірқатар кадрлық өзгерістер таныстырылды.
2026 жылғы 12 шілдеде ҚР «Сайлау туралы» заңы негізінде өткен сайлау қорытындысымен Тартоғай ауылдық округінің әкімі болып Ахметов Ақылбек Жүрсінұлы, ал Сұлутөбе ауылдық округінің әкімі болып Оразбеков Үсен Нұрғазыұлы сайланды.
Ақылбек Жүрсінұлы – 1974 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында дүниеге келген. 1995 жыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Тартоғай совхозында жұмысшы болып бастап. 1991–1995 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтында білім алды.
1996–2002 жылдары №153 Тартоғай орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 2002 жылдан бастап Тартоғай ауылдық округі әкімі аппаратында әскери есеп столының маманы, бас маман, маман, әкім міндетін уақытша атқарушы, ауылдық округ әкімі, бас маман, бас маман-статист, шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маман лауазымдарында еңбек етті.
2022 жылғы 4 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Тартоғай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
Отбасылы.
Үсен Нұрғазыұлы – 1980 жылғы 10 сәуірде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында дүниеге келген.2000 ж М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі, 2017 ж Шымкент Университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда монтаж басқармасының «ЭЛМО» филиалында электромонтажшы болып бастап. Әр жылдары мемлекеттік және коммуналдық мекемелерде түрлі қызметтер атқарды. 2010 жылдан бастап Сұлутөбе ауылдық округі әкімі аппаратында заңгер, инспектор, жетекші маман және бас маман лауазымдарында қызмет етті. Қазіргі таңда Сұлутөбе ауылдық округі әкімі аппаратының шаруашылық есебін жүргізу және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі бас маманы қызметін атқарған. Отбасылы.
Жиында Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Молдабай Дулатов жаңа сайланған ауылдық округ әкімдеріне ресми түрде куәлік табыс етті.
Аудан басшысы жаңадан сайланған ауылдық округ әкімдерін құттықтап, ел игілігі жолында табысты қызмет атқаруға тілектестік білдірді.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі






