Мал басы көбейіп келеді

270

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Облыс бойынша мал өлекселері мен биологиялық қалдықтарды тастайтын 146 мал қорымы бар. Соның ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес 90 типтік жобадағы мал қорымы жасақталған болса, қалған 56-ы қарапайым шұқырлар.

Дегенмен, аймақтағы эпизоотиялық ахуалдың тұрақты болуына байланысты өңірде тіркелген мал саны өткен жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға артып отыр. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев хабарлады.

– 2023 жылы барлығы 465,2 мың бас жануар бірдейлендіріліп, ақпараттық жүйеге енгізілді. Ал биыл «Ветеринария туралы» ҚР Заңына сәйкес, 498,3 мың дана құлақ жапсырмасын сатып алу жоспарлануда. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Бұдан бөлек, осы жылы бруцеллез ауруына қарсы барлығы 1956,5 мың бас жануарға диагностикалық тексеру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бүгінде облыс көлемінде аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ. Эпизоотиялық жағдай тұрақты, – деді Шахмардан Қойшыбаев.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<