ҚР ІІМ: Қазақстан бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 7 939 адам ұсталды

770

0

Еліміздің аумағында орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 7 939 адам ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ жедел штабынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 қаңтардағы мәліметтерге сәйкес, ішкі істер органдарына 7 939 адам жеткізілді. Полиция қызметкерлерінің Ұлттық гвардияның және арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілерімен бірлескеен іс-шаралары барысында Алматыдағы 2 базардан 207 адам ұсталды. айдап әкетілген 5 автомобиль, ұрланған тауарлық-материалдық құндылықтар (жаңа компьютер процессорлары, ноутбуктер, музкалық орталықтар), сонымен қатар тегіс ұңғымалы 2 мылтық пен 4 суық қару тәркіленді», – деп атап өтеді жедел штабтан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<