Қызылордада құран оқу жарысы өтті

385

0

Фото: Ақмешіт Сырдария мешіті

Құран түскен құтты айдың құрметіне Сыр мешіттерінде түрлі деңгейдегі қасиетті кітапты жатқа және мәнерлеп оқу сайыстары өткізілуде.

Нақтырақ айтар болсақ, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен қалалық “Мүсірәлі ата” мешітінде Құран Кәрімнің жатқа оқу сайысы өтсе, Қармақшы ауданы, Ақай ауылдық “Мүсірәлі сопы Әзіз”, Жалағаш ауданы “Ар-Рахим”, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті “Нұралы” мешіттерінде де шәкірттер өзара додаға түсті.

Жарыс нәтижесіне қарай жеңімпаз атанған жүйріктер жүлделі сыйлықтармен марапатталса, өзге қатысушыларға жа ынталандыру сыйлықтары табысталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<