Қызылордада заңсыз балық аулағандар ұсталды

502

0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің және облыстық «Арал-Сырдария» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Арал балық инспекция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік шара кезінде заңсыз балық аулаған  43-36 жастағы екі аудан тұрғынын ұстады.

Атап айтқанда, олар Арал ауданы, Арал теңізінің жағасындағы тыйым салынған аймақта қайықпен ау салу арқылы 178 кг. торта және 17 кг көксерке балығын   заңсыз аулаған. Айғақ заттар алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен (заңсыз балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін) сотқа дейінгі тергеп – тексеру жұмыстары басталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<