«Тұрар Ыдырыс қайтыс болды»: Оқиғаның мән-жайы анықталды

176

0

Фото: әлеуметтік желі

TikTok желісінде Тұрар Ыдырыс “қайтыс болды” деген ақпарат тарады.

Әнші әлеуметтік желідегі тараған ақпараттың жалған екенін айтып, жазбаны көрген бойда оның астына пікір қалдырғанын жазған деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Тұрар Ыдырыстың айтуынша, жалған ақпарат таратқандар оның туған жылынан қателескенін алға тартқан.

“Тұрар Ыдырыстан айырылып қалдық. Әнші Тұрар 27 жасында қайтыс болды. Иманды болсын, жаны жәннатта болсын», – делінген тараған жазбада.

Өнер иесі бұл жазбаны көрген бойда оның астына пікір қалдырды.

«Достар, мен 96 жылы туғанмын ғой. Бұл жалған ақпарат», – деп жазды әнші  желідегі тараған жазбаға пікір білдіріп.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<