Ауылда атқарылған жұмыстарды көрді

266

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Арықбалық және Көларық ауылдық округтеріне барып, елді мекендердің тыныс тіршілігімен танысты.

Ауылдық округтердегі әкімшілік, мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, ауылдық клуб ғимараттарын көрген Мейрамбек Зинабдинұлы ауыл әкімдеріне ең әуелі ауылдың тазалығына аса мән беріп, ауылды абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына ауызбіршілікпен ауыл халқын жұмылдыруды айтты.

Сондай-ақ көше бойларындағы жарықшамдармен қоршауларды ретке келтіріп, сырлап, ағаш түптерін әктеу, жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<