2021 жылы Қазақстанда учаскелік инспекторлар саны көбейеді

267

0

Биыл учаскелік инспекторлар саны ұлғаяды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыру үшін 2021 жылдың өзінде учаскелік инспекторлардың санын ұлғайту, учаскелік полиция пункттерінің желісін дамыту жоспарланып отыр. Олардың орналасатын жері халықтың тығыздығын ескере отырып таңдалады. Бұдан басқа, осы қызметтің материалдық-техникалық базасы едәуір нығайып, учаскелік полиция инспекторларының өкілеттігі ұлғаяды», – деді Нұрділдә Ораз ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, криминогендік аудандарда және адамдар көп жиналатын жерлерде нарядтардың тәулік бойы кезекшілігі және азаматтарды қабылдау үшін 200-ден астам модульдік полиция бекеті орнатылады.

«Икемді» патрульдеу маршруттары пайдаланылады. Азаматтармен коммуникация арнасы ұлғаяды.

«Бұл полицейлердің азаматтардың кез келген өтінішіне жедел әрекет етуіне көмектеседі», – деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз