Абайдың 175 жылдығына арналған айтыста сырбойылық ақын жеңімпаз атанды

188

0

Қызылордалықтар ақын Мұхтар Ниязовты күтіп алып, жеңісімен құттықтады.
Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты республикалық ақындар айтысында жерлесіміз, «Алтын домбыраның» екі дүркін иегері Мұхтар Ниязов жеңіске жетті.
Ал бірінші орынды Сыр елінің ақыны Мейірбек Сұлтанхан иеленсе, екінші орынды Еркебұлан Қайназаров пен Серік Қуанған олжалады. Үшінші орынды Тілеген Әділов, Әсем Ережеқызы, Рауан Қайдаровтар алды.
Аламан айтысқа барлығы 16 ақын қатысты. Ақындар сөз сайысына Абай мұрасын арқау етіп, ұлы ойшыл ұсынған асыл ойларды, өшпес құндылықтарды кеңінен толғады.