АРАЛДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

339

0

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті.ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметі істері департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Абзал Сансызбайұлының төрағалығымен өткен жиында күн тәртібіне қойылған мәселелер кеңінен талқыланды.
Кеңес мүшелері алдында алдымен аудан әкімі М.Оразбаев Арал ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарған жұмыстар жайлы есеп берді. Сонымен қатар аталған мәселеге байланысты қосымша баяндамалар да тыңдалды.
Кеңестің күн тәртібіне сәйкес аталған бағыттағы жұмыстар жайлы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ә.Қосбармақов және Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  басшысы Б.Дүйсенов хабарлама жасады.
Кеңес мүшелері баяндама барысында айтылған өзекті мәселелерге байланысты баяндамашыларға сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Әдеп жөніндегі кеңес мәселені жан-жақты қарап, аудан әкіміне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары  бұзушылықтарын алдын алу бағытындағы профилактикалық шараларды тиісті деңгейде жүргізбей, ведомствалық бақылауды төмендеткені үшін жауапты орынбасарының тәртіптік мәселесін шешуді ұсынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<