ҚАРМАҚШЫ – ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІКТІҢ МЕКЕНІ

852

0

Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қармақшы ауданының құрылғанына 90 жыл толуына арналған «Қармақшы – елдік пен ерлік мекені!» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.
Конференцияға облыс әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Еламанов Бекмырза Қайыпұлы, облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы және аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы қатысты.
Конференция Қармақшы ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай түсірілген деректі фильм көрсетілімімен басталып, облыс әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлы құттықтау сөз сөйлеп, конференцияны ашық деп жариялады.  
Конференция барысында Осы мерейтойға орай ауданымыздың тарихы мен табиғатын, мәдени мол мұрасы мен осы топырақта дүниеге келген күміс көмей жыршы-жыраулары мен дулығалы батырлары, дуалы ауыз билері мен еңбек ерлері, айтулы азаматтары мен тәуелсіздік жылдарында қол жеткен жетістіктері туралы жазылған кітаптың тұсауы кесілді.
Әрі қарай, осы кітаптың Ақылдастар алқасының жетекшісі Бағдат Кәрібозұлы және Әзілхан Әуезханұлы, Бақберген Сәрсенұлы, Темірхан Сахаұлы, Алмасбек Нұрмаханұлы ауданымыздың 90 жылдығына орай құттықтауларын жеткізіп, баяндамалар оқылды.
Шара соңында Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Иіркөл ауылдық округ шаруашылықтарына жаңа тракторлер табыстады.
* * *
Қармақшы ауданының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтуде.
Ақтаңгер айтыскер жыр көшін бастаған Жүрсін Ерман айтыстың ашылуында сөз алып рухани жаңғыруға бет бұрған шақта қасиетті Қармақшы өңірінде ұйымдастырылуының маңыздылығына тоқталып өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаев айтыс өнері қазақ қоғамында ереке орын алатынын, суырып салма ақындық дәстүрді «Жүз шайырлар елі» аталған киелі Қармақшыда өтуі рухани сусындаған жұршылыққа дем беретінін жеткізді.
Айтыстың жүлде қорына ақшалай сыйлықтар мен жеңіл автокөлік тігіліп отыр.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<