АУДАН ШАРУАЛАРЫ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

402

0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын насихаттау және ауылшаруашылық құрылымдарының жұмысымен танысу мақсатында аудан әкімі Ғ.Қазантаев пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып ауданның Қоғалыкөл, Шіркейлі, Шаған елді мекендерін аралады. Ауылдарда өткен жиындарда Елбасы Жолдауының басым бағыттары талқыланып, саяси құжаттың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше серпін беретіні айтылды.

Қоғалыкөл ауылындағы қырман даласында өткен кездесуге ауыл ардагерлері, шаруашылық өкілдері, егінші-механизаторлар қатысты.

Аудан басшысы Елбасы Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамыту бағытында нақты тапсырмалар берілгенін айтып, аграрлы ауданның ауылшаруашылық құрылымдары Жолдаудан туындаған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.

– Егін жинау науқаны ауданымызда қарқынды жүргізілуде. Биылғы Жолдау осындай берекелі шақпен тұспа-тұс келді. Жолдаудан туындаған міндеттерді сапалы орындау – баршамыздың міндетіміз. Ауылдың тұрмысын жақсарту, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында нәтижелі істер атқарылуда. Алдағы уақытта да осы бағытта кешенді іс-шаралар қабылданатын болады,- деді аудан басшысы.

Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Қожанов, ауылшаруашылық саласының ардагері Ж.Базарбек, ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы С.Көмірбаев, «Ақжарма және К» фермерлік шаруа қожалығының төрағасы Қ.Нұрсейітов, шаруашылық өкілі Б.Әлекеев Елбасы Жолдауы туралы өз ойларын ортаға салып, маңызды саяси құжаттың жарқын жетістіктерге жол ашатын мүмкіндіктердің бастауы екенін айтты.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын насихаттау және ауылшаруашылық құрылымдарының жұмысымен танысу мақсатындағы жиын Шіркейлі ауылындағы «Мәді-Қажы ЖШС қырманында да болып, аудан басшысы ауылшаруашылық саласының ардагерлерімен, шаруашылық еңбеккерлерімен кездесті.

Кездесу жиыны басталмас бұрын шаруашылық төрағасы С.Сұлтанов қырман жұмысымен таныстырып, шаруашылықтың атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.

Аудан басшысы Елбасы биылғы Жолдауда ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту керек екенін тапсырғанын айтып, ауылшаруашылық құрылымдарын қолдауға ерекше басымдық берілгенін жеткізді.

– Мемлекет басшысы әрдайым елдегі бірлікті сақтау, егемендікті нығайту және Ұлттың болашағы үшін жұмылу керектігіне баса мән береді. Жаңа әлеуметтік саясат шеңберінде тиімді әлеуметтік мемлекет, тұрғындардың осал топтарын қолдау, еңбекпен қамту бағытында нақты нәтижелерген қол жеткізу тетіктері Жолдауда айқындала түсті. Ендігі мақсат Елбасы айқындап берген тапсырмаларды жұмыла жүзеге асыру,- деді аудан басшысы.

Қырман даласындағы кездесуде облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов Жолдауда кәсіпкерлік саласының көгжиегін кеңейтуге ерекше басымдық берілгеніне тоқталды.

– Дамыған мемлекеттердің экономикалық дамуында шағын және орта бизнестің үлесі басым екендігіне назар аударлып, осы саланы Қазақстанда дамыту мәселесі биылғы Жолдауда көрініс тапты. Елбасы бизнесті дамытудың тұрақты көздерін қалыптастыру, жеке инвестицияларды және нарықтың еркіндігін ынталандыру сияқты, түптеп келгенде, өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мұрындық болатын бизнесті қорғаудың және одан әрі дамытудың бағыттарын айқындады. Бұл ретте отандық бизнес экспортқа бағдарлануы керек. Экспортқа бағдарланған индустрияландыру экономикалық саясаттың басты элементі болып табылады. Президент экономиканың жаңа бағытта дамуын қамтамасыз етуді тілге тиек етті. Бұл заманауи даму бағыты — болашақтың экономикасы,- деді облыстық мәслихат депутаты.

Сонымен қатар, жиын барысында аудандық мәслихат депутаты С.Сұлтанов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Мақашев, ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Әбілқасымовтар сөз сөйлеп, Елбасы Жолдауын қолдайтындықтарын, жүзеге асыруға атсалысатындықтарын атап өтті.

Шаған ауылының шаруалары да Елбасы Жолдауын толық қолдайды және мақсат-міндеттерді орындауға өз үлестерін қосуға дайын. Бұл туралы «Шаған Жер» ЖШС қырманында өткен кездесуде айтылды.

«Шаған Жер» ЖШС қырманында ұйымдастырылған жиын барысында аудан басшысы Ғ.Қазантаев Елбасы Жолдауына кеңінен тоқталып, Президент Жолдауы жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыруға серпін беретінін атап өтті.

– Жолдауда ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу арқылы Қазақстанның экспорттық әлеуетінің көтеру бағытында нақты тапсырмалар берілді. Жолдауда айқындалған мақсаттардың орындалу барысында біздің облыста агроөнеркәсіп саласы қарқынды дами түседі. Шағандық дихандар бұл іске өздерінің адал еңбегімен үлес қосады деп сенемін. Ауылда кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамып келеді. Бұл мемлекеттік қолдаудың жемісі. Жалпы, жыл өткен сайын қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау да күшейіп келе жатыр. Осының бәрі экономикамызды өркендетері хақ,- деді аудан әкімі өз сөзінде.

Мұнан кейін аудандық мәслихат депутаты Б.Қадіров, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Тасбергенов, ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы А.Тәуекеловтер сөз сөйлеп, келесі жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе арттыруды тапсыру жөніндегі тапсырма ел тұрғындарына үлкен көмек екенін атап өтті.

 

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы–

аудан әкімі аппаратының аударма 

ісі жөніндегі редакторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<