БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА БАҒЫТ

207

0

Жастарға арналған “Zhas Project” жобасы жемісті жүзеге асырылып келеді. Бұл жастардың кәсіпке деген қызығушылығын оятып, ізденісін арттырады. Игі бастаманың “Mega art” кіші жобасы қолға алынған еді. 

Денсаулығында ақауы бар балаларды қоғамнан тыс қалдырмау үшін психологтармен кеңесе отырып, балалардың ойлау қабілеті мен шығармашылығын жан-жақты дамыту, яғни ба­ланың бойындағы өне­рін жетілдіруіне қолдау көр­сетуді көздеген “Mega art” осы жылдың тамыз айында жұмысын бастаған болатын. Жоба “Шағбан” балабақшасы және №7 ар­найы түзету мектеп-интер­натындағы балалармен тұ­рақты байланыс орнатып, оларды қызықты әрі пайдалы үйірмеге тартты.     

– Үйірмеде олар ең күр­делі есепке құрылған шахмат ойынын үйреніп, соны­мен бірге, қиялдарына ерік беріп, құмға, суға, қағаз бетіне суреттер салады. Шығармашылық ең­бек бала­лардың өмірге құш­тарлығын арттырып, өне­рін дамытуға игі әсер етті. Демек, біздің түпкі мақса­тымыз орындалды, – дейді жоба жеңімпазы Бексұлтан Тұрсын. 

Бүгінгі заманның талабына сай кәсіпкерлікпен ай­налысуға алғашқы бас­та­ма болған бұл жобаның жас­тардың бо­лашағына игі әсері мол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<