БАҒЫТЫМЫЗ АЙҚЫН, БОЛАШАҒЫМЫЗ ЖАРҚЫН!

462

0

 Еліміз Тәуелсіз­ді­гін жариялаған уақыт­тан бастап Қа­зақстан халқының бай-қуатты һәм тұрақты өмір сү­руі үшін түр­лі бағ­дарламалар мен стра­тегиялық ма­ңыз­ды құ­жаттар қа­­был­данды. Еліміз­дің әлеуметтік-эконо­микалық жа­ңа­­ру, даму жолын­да жа­салып жат­қан бұл жұмыстар Қазақстан­ның әлем­нің дамыған 30 ел­дің қатарына кіру ұм­ты­лысын айқындай тү­суде.
Мемлекет басшы­сының «Қа­зақ­стан­дықтардың әл-ауқа­тының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті  Жолдауының негізгі өзегі бұл жолы да барша қазақстан­дық­тардың әлеуетін арттыру, тұр­мысын жақсарту – еліміздің эко­но­микасын жан-жақты дамы­тудың жаңа фор­масын қалып­тастыруға бағыт­талып отыр.
Жолдауда балалардың ден­саулығы мен біліміне, адами капиталдың дамуына ерекше басымдық берілді. Жолдау жүк­теген міндеттер бөлінісінде оқу­шылардың 3 ауысымда оқуын жою, елімізде мектеп жетіспеушілігін шешу, аза­мат­тардың денсаулығы мен салауатты өмір салтын ұстануы үшін заманауи типтігі спорттық алаңдар мен ғимараттарды салу және тегін пайдалануға беру, жастардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, еліміздегі жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандардың жоғары сұ­ра­нысқа ие болуы секілді бірқатар мәселелер міндеттелді.    
Елімізде «Ұстаздар күні» аталып өтіп жатқан уақыт­та жарияланған Жолдау мұға­лімдер қуана қабылдаған ерекше жаңалық болды. Яғни, келер жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылданатыны осы мамандық иелерінің ме­рейін өсірді.
Әрине, бұл киелі мамандық иелеріне деген қоғам қызметін қалыптастыру үшін жасалып отыр. Себебі білім сала­сындағы ұзын-сонар реформалар қағазбастылық, негіз­сіз қоғамдық жұмыстарға тарту, бала құқығын ұстаз мәрте­бесінен жоғары қою секілді мәселелер білім саласына, соның ішін­де ұстаздар қауымының мәрте­бесіне кері әсер етуде. Міне, осы мәселелердің Елбасы Жолдауында ерекше қамтылуы педагогтар мәртебесін көтеріп қана қоймай, жұмысын жетіл­діруге ерекше ықпал етеді деп сенеміз.
Жалпы Жолдауда қам­тылма­ған сала жоқ. Соның  бірі – медицина саласы. Әрине, медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады. Сондықтан да медицина саласына айтылар сын да көп, қойылар талап та жоғары. Осының бәрін ой елегінен өткізген Елбасы ең алдымен ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-са­нитарлық көмектің қолжетімді болуын және бұл салаға қа­тысты бөлінетін қаражатты 5 жыл ішінде 10 пайызға дейін көтеруді тапсырды және  2019 жылы Астанада Ұлт­тық ғылыми онкологиялық орта­лықтың құрылысының баста­латындығын айтты. Бұл меди­циналық қызметтің сапасы мен денсаулық сақтау саласының  тұрақты дамуына жасалып отырған мүмкіндік.
Елбасы жастармен өткен әрбір кездесуінде «Жастары мықты елдің – жасары да, асары да мол» екенін үнемі айтып келеді. Айтып қана қоймай, ел болашағы жастар үшін бар­лық мүмкіндіктерді жасап отыр. Жолдауда 2019 жылды «Жас­­тар жылы» деп жариялауды тап­сырды. Бұл жастарды қанат­тан­дырып, алға қарай дамуына тың серпін берді.  
Бір сөзбен айтқанда, Жолдауда айтылған әрбір ойдың астында үлкен мән жатыр. Барлық идея «Ұлт жоспары 100 қадаммен» ұштасып, елімізді дамыған мемлекеттердің көшіне қарай бастары айқын.
Сондықтан даму бағдары белгілі, еліміздің әлеуметтік-эко­номикалық, һәм саяси үде­рісінің арта түсуі үшін Жолдау жүктеген міндеттерді жүзе­­­ге асыру ортақ ісіміз деп есеп­­теймін.  

Ибадулла ҚҰТТЫҚОЖАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<