Бейбіт Атамқұлов Сыр еліне келді

305

0

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов келді. Алдымен министр мен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Шиелі ауданындағы «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС цемент зауытына барды.

Цемент өнімдерін өндіретін зауыт 2018 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген, қуаттылығы жылына 1 млн. тонна. Кәсіпорын 250 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жалпы ауданы 520 мың.кв.метрді құрайды. Зауыт өткен жылы 6,1 млрд. теңгеге 380 мың тонна өнім шығарып, оның 40,6 мың тоннасы Өзбекстанға экспортталды.

Ал, биылғы жылдың 10 айында 350 мың тонна өнім өндіріп, 41 мың тоннасын аталған көрші елге экспорттаған.Сонымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов пен облыс әкімі Г.Әбдіқалықоваға «Балауса фирмасы» ЖШС-нің «Бала-Сауысқандық» кен орнындағы қара тақтатастарды автоклавты қайта өңдеу» жобасын іске асыру барысы таныстырылды.Жеке кәсіпорын 2016 жылдан бастап аммоний метаванадатын өндіріп, Ресей, Ұлыбритания секілді шет елдерге экспорттайды.

Қуаттылығы жылына 1 млн. тонна кен өндіру және өндеу. 161 адамды жұмыспен қамтып отыр. Электр қуатын арттыру үшін қуаты сағатына 3 МВт электр беретін желі салынуда.Мұнан соң, министрдің жұмыс сапары Жаңақорған ауданындағы «Шалқия Цинк LTD» АҚ кен орнында жалғасты.Кәсіпорын қорғасын – мырыш кенін өндірумен айналысады.

2025 жылға дейін 4 млн.тонна өнім өндіреді деп жоспарлануда. Кәсіпорынның жалпы ауданы-22,5 шаршы км. құрайды. 617 тұрғын жұмыспен қамтылған. «ШалкияЦинкЛТД» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен 2020 жылғы 13 мамырда жобаны жоспарлау-жобалау-құрылыс арқылы кезең-кезеңімен іске асыруды көздейтін жобаны іске асырудың жаңа стратегиясы бекітілді.Сонымен қатар, Б. Атамқұлов пен Г.Әбдіқалықова Қызылорда қаласында орналасқан «OrdaGlass LTD» ЖШС шыны зауытының іске қосылатын 4 кешенінің құрылыс барысымен танысты.

Зауыттың құрылысы 2015 жылы басталған. Өндіріс тәулігіне 600 тонна немесе жылына 197,1 мың тонна табақ шыны өнімін шығарады деп жоспарлануда. Жалпы ауданы 500 мың.кв. метрді құрайды. Қазіргі уақытта шыны зауытының құрылыс жұмыстары 69,7% орындалды. Монтажтехнологиялық жабдық – 33,8%. Негізгі жұмыс балқыту ваннасы мен күйдіру пешін орнатумен байланысты.Сондай-ақ, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі стент арқылы «Арал Сода» ЖШС-нің қуаттылығы жылына 300 мың тонна құрайтын кальцийлендірілген сода зауыт құрылысының» жобасын іске асыру барысымен танысты.

Жұмыс сапары соңында министр мен аймақ басшысы облыс орталығының сол жағалауында орналасқан жаңа көпірге және «Рухани жаңғыру» орталығына барды. Орталықта жаңа қаланы игеру жобасы, «Нұрлы жер», бағдарламаларының орындалуы, «Жұмыспен қамту жол картасы», «Ауыл ел бесігі», «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламалары аясында жол көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылып жатқан және орталықтандырылған жылу жүйелерінің жұмыстарымен танысты.Сырдария өзенінің сол жағалауындағы аумақта жаңа қала бұл – 1532 га аумақ.

Оның ішінде 537 га тұрғын үй құрлысына арналған. Жалпы 3 млн.шаршы метрден астам тұрғын үй болады деп жоспарлануда. Оның ішінде 1 млн.шаршы метр тұрғын үй 2025 жылға дейін пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 50 мыңға жуық адам жаңа пәтерлермен қамтамасыз етіледі.

Жоба толық іске асырлыған жағдайда 155 мыңнан астам қала тұрғыны үй-жаймен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, жоба бойынша 16 жаңа мектеп, 12 балабақша, 4 денсаулық сақтау мекемесі, сондай-ақ спорттық және әлеуметтік-мәдени ғимараттар салу жоспарланды.«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін дамытуға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінген.Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлердің құрлысына бөлінген қаржыға 815 пәтерді құрайтын 20 тұрғын үйдің құрлысы жүргізілуде. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 725 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үй, Шиелі ауданында 90 пәтерді құрайтын 5 үй. Кредиттік тұрғын үйлер бойынша барлығы 755 пәтерді құрайтын 68, жеке коммерциялық құрылыс салушылар есебінен барлығы 376 пәтерді құрайтын 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Б. Атамқұлов көтерілген мәселелер бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз