Бірлескен жұмыстар жалғасады

768

0

Бейсенбі күні облыс әкімі  Гүлшара Әбдіқалықова «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаевпен кездесті.

Аймақ басшысы екіжақты әріптестік үшін алғыс білдіріп, шыны зауытының аяқталуға жақын қалғанын, шыныны өңірде өндіру арқылы эконо­микалық табыс әкелуге мүмкіндік барын атап өтті. Сондай-ақ, аймақтағы өзге де индустриялық жобаларды дамыту жайы сөз болды.

– Шыны зауыты өңірдегі ірі индустриялық жобалардың бірі саналады. Жобаны жү­зеге асыруда белгілі бір қиын­дықтар болды. Жалпы бір­лескен күш-жігердің нәти­жесінде жоба аяқталуға жақын қалды. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары 70%-ке аяқталып отыр. Қалған негізгі жұмыс – балқытылған ваннаға арналған жабдықты және қуыру пешін орнату нәтижелі аяқталады деп сенемін. Мен сізге және сіздің әріптестеріңізге нысан­ның құрылысын соңғы дең­гейге жеткізгеніңіз үшін ри­за­­­шылығымды білдіргім ке­леді. Жобаны жүзеге асыру ба­рысында туындаған мәсе­ле­лерді шешуге барынша көмек көрсеттіңіздер, – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде басқарма төр­ағасының орынбасары зауыт құрылысы  бойынша жұмыс­тың жүйелі жүргізілуіне ерек­­ше назар аударылғанын, облыс экономиканы дамытуға қо­­лайлы аймақ саналатынын айтты.

Айта кету керек, шыны зауыты іске қосылса, оның айналасында 8 ілеспе зауыт ашыл­мақ. Өңірде құрылыс, мон­таждау және пайдалануға беру жұмыстарын аяқтау жө­нін­дегі шараларды қамти­тын Жол картасы әзірленуде. Сон­дай-ақ, шыны зауытының айналасында инвес­торлармен бірге 4 жобаны жүзеге асыру басталды.

Кездесу соңында облыс әкімі аймақтағы инвес­тиция­лық жобаларды қаржыландыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін жеткізді. Ал, басқарма төр­аға­­сының орынбасары өңірде инвестиция тарту мәсе­ле­лері бойынша бірлескен жұ­мыстарды қолдауға дайын екендіктерін айтты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<