Биыл экспортқа бағытталған 10 жоба іске аспақ

278

0

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов мәлімдеді.
Экспортқа бағытталған 10 іргелі жобаның инвестициялық құны 7,1 млрд. теңге болады.
Соның бірі, Қазалы ауданындағы «Сыр маржаны» ЖШС-і Ирандық «Tavooni Faragir Inche Boroun Co» компаниясымен бірлескен ет өңдеу комбинатының құрылысын салу жобасы. Оның жылдық қуаттылығы 2 мың тонна. Ал, Қармақшы ауданындағы «Ақтөбе» ЖШС-і қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы жобасын іске асыруда. Құс фабрикасының іргетасы 2017 жылдың тамыз айында қаланды.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы «КазАгроМир» ЖШС-і өткен жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы қаржыландырылып, көлемі 2,2 га автоматтандырылған кешенді жылыжай құрылысын салуды қолға алған. Ол жылына 900 тонна томат өндірмек. Сондай-ақ, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қатысуымен мал шаруашылығында зәкірлі кооперацияны дамыту бағытында 3 жоба іске асырылуда.
Арал қаласында да іргелі жобаның бірі жүзеге асуда. Ол «Аквакультура Ltd» ЖШС-нің жылына 4 мың тонна балық өңдеу зауытының құрылысы. Балық өңдеу зауытының 74 млн.теңгеге құрал жабдықтары сатып алынды. Бүгінде ғимараттың құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталып, инженерлік инфрақұрылым салу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, Қызылорда қаласында «КазАгроМир» ЖШС көлемі 2,0 га автоматтандырылған жылыжай кешенін іске қосу бағытында жұмыс жасауда. Қазіргі таңда 425,1 млн. теңгеге Испаниядан құрал жабдықтар әкелініп, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоба ағымдағы жылдың қараша айында іске қосылмақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<