Директорлар кеңесінің төрағасы бірнеше жобамен танысты

492

0

«Bazis А» холдинг компаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович Сыр еліне жұмыс сапарымен келіп, Қызылорда қаласындағы бірнеше құрылыс жобаларымен танысты деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен Александр Белович алдымен «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы бас көше жолының «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автотрассасымен жанасатын жерінде көлік айрығын салу» жобасын көрді. Құры­лыстың бас мердігері –  «Bazis Construction» ЖШС. Жоба құны 4 млрд 274,941 млн теңгені құрайды. Жол айрықтың құрылысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған. Өңір басшысы мен мәртебелі мейман көлік айрығының ірге­тасын қалап, құрылыс жұмысына сәттілік тіледі.

Мұнан соң «Рухани жаңғыру» орталығында сол жағалауда салынатын «Гүл бульвары» жобасы таныстырылды. Аталған жоба тұрғын­дардың демалысы мен серуендеуіне арналған. Барлығы 12 гектар аумақта сәулеттік фигуралар, түрлі-түсті композиция, балалар және ойын алаңдары, субұрқақ, велосипед, ролик үшін алаңдар орналасады деп жоспарланған.

«Қорқыт ата» әуежайының терминалын реконструкциялау және кеңейту» жобасы да аймақ басшысы мен «Bazis А» холдинг компаниясы» ЖШС директорлар кеңесі төр­ағасының назарына ұсынылды. Жоба құны 1,5 млрд теңге, құрылыстың аяқталу мерзімі 2022 жыл деп жоспарланған. Терминал толық іске қосылғанда сағатына 150 жолаушыға қызмет көрсетуге қабілетті болмақ.

   «СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<