ЕГІН НАУҚАНЫ: екпін қандай?

1405

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен егін жинау науқанына байланысты жиын өтті. Жиын басталар алдында аймақ басшысы бұған дейін облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Шахмардан Қойшыбаевтың облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғанын мәлімдеп, оған жаңа қызметінде абырой  тіледі.

Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов күзгі егін жинау науқанына қа­тысты есеп берді.

Биыл барлығы 184,2 мың гектар жерге ауыл шаруа­шылығы дақылдары егілді. Не­гізгі дақыл – күрiштің көлемі 89,5 мың гектар. Егісті әрта­раптандыру бағытында алғаш рет перспективалы дақылдар, қант құмайы 70 гектарға, соя 240 гектарға, жүгері дақылы 1667 гектарға дейін жеткізіліп, ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар богарлы жерлерге күздік бидай егілді.

Өңірде егін жинау және күзгі дала жұмыстарын жүргі­зуге 12,5 мың тонна арзанда­тылған дизель отыны бөлінсе, шілде және тамыз айларына қаралған жа­нармайдың 5,1 мың тоннасы жеткізілген. Ша­­руа­шылықтарға оның әр лит­рі 165 теңгеден босатылуда.       

Хабарламашы атап өтке­нін­дей, шаруашылық құрылымда­рының техникалар әлеуеті егін жинау жұмыстарын мерзімінде аяқтауға толық мүмкіндік бе­реді. Бүгінгі күні 27,5 мың гектар күріш орылып, оның 19 мың гектары бастырылған. Орташа өнім 49 центнерден айналуда. Облыста егін орағын 15 қазанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.        

Облыс басшысы егін жинау науқаны барысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізіп, тұрғындарға қолжетімді бағада өнім ұсыну қажеттігін айтты. Сонымен бірге Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қы­зылорда облысының ауыл ша­руашылығы күндерінде, елорда тұрғындарына Сыр елінің сапалы өнімдерін жеткізуді тапсырды.

Б.Жаханов өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін ауылшаруашылық өнімдері жәр­меңкеде негізінен күріш, бақша өнімдері және балық ұсынылатынын жеткізді. Сол секілді алдағы аптадан бастап облыс орталығында ауыл ша­руашылығы өнімдерінің жәр­меңкесін өткізу жоспарлан­ған.

Жиын соңында облыс әкімі шешуші кезеңде өнімді ысырап етпей жинап алуды тапсырды. 15 қазаннан кешіктірмей егін жинау науқанын аяқтау басты назарда болуы тиіс.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<