Элизабет Тұрсынбаева – әлемдегі үздік 10 мәнерлеп сырғанаушының бірі

245

0

Халықаралық коньки тебушілер одағы (ISU) жеке сырғанауда әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Оған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева да енген. Ол 3108 ұпаймен 10-орында тұр. Ресейлік Алина Загитованы төрт құрлық чемпионатындағы жеңісіне байланысты рейтингтегі бірінші орыннан ығыстырып, жапон қызы Рика Кихира жаңа көшбасшы болды. Сондай-ақ үштікті тағы бір жапон мәнерлеп сырғанаушысы Сатоко Мияхара түйіндеді. 

Әлемнің үздік 10 мәнерлеп сырғанаушысы:
 1. Рика Кихира (Жапония) — 4708
2. Алина Загитова (Ресей) — 4702
 3. Сатоко Мияхара (Жапония) — 4089
4. Бради Теннелл (АҚШ) — 3864
 5. Евгения Медведева (Ресей) — 3734
6. Каори Сакамото (Жапония) — 3724
7. Алена Косторная (Ресей) — 3255
8. Вакаба Хигучи (Жапония) — 3187
9. Анна Щербакова (Ресей) — 3126
 10. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) — 3108.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<