Инвесторлар үшін тартымды аймақ

118

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Calamari&Braam» компаниясының бас директоры Мухамед Юссеф Хассан Яссир және «Марсель Петролеум» ЖШС бас директоры Махмут Нәлібаевпен кездесті.

Аймақ басшысы Мысыр Араб республикасынан арнайы келген мейманға ілтипат білдіріп, қазіргі қысылтаяң шақта экономикалық табысты еселеудің жаңа жолдарын қарап, сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге басымдық берілетініне айрықша тоқталды. Сондай-ақ, Қызылорда аймағы инвестиция тартуға қолайлы өңір екенін атап өтіп, іскерлік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін жеткізді.

– Биыл Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 28 жыл толып отыр. Біз сіздерді қонақжай Сыр елінде қарсы алғанымызға шын жүректен қуаныштымыз және біздің облысқа іскерлік мақсатта келген сапарларыңыз үшін алғысымды білдіремін. Қызылорда облысы – инвестиция салу үшін тартымды аймақ. Біздің өңір ауыл шаруашылығы дамыған, минералды ресурстардың едәуір қоры бар, тамаша туристік әлеуетке, ең бастысы – тиімді логистикалық жағдайға ие, – деді облыс басшысы.

Кездесуде Мухамед Юссеф Хассан Яссир Қазақстанға, оның ішінде Қызылорда өңіріне алғаш рет сапарлап келгенін және бірқатар жобалар арқылы ынтымақтасуға ниетті екенін білдірді. Екі ел арасындағы бизнес секторды дамытып, туризмді жаңа деңгейге шығаруды көздеп отырғанын жеткізді. Соны­мен бірге халық үшін туристік демалыс орнын жасайтын жаңа идеяларын ұсынды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы бағытында өнім өндіру, балық шаруашылығын дамытатын бірқатар жобалары барын қаперге салды.

Қабылдауда «Марсель Петролеум» ЖШС бас директоры Махмут Нәлібаев инвестиция тарту арқылы Сыр өңірінің перспективалық дамуын көздейтін жобаларды іске асыруда өзара әріптестік келісімдерге дәнекер болатынын жеткізді.

Қазір мемлекет шетелдік инвесторларға бірқатар жеңіл­діктер ұсынып отыр. Бұл – кеден баж салығынан бо­сату, мемлекеттік заттай грант­тар, салықтар бойынша пре­фе­­ренциялар, инвестициялық субси­­диялар беру. Осы ретте Сыр өңірінде жыл сайын инвестиция тарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Жиын соңында облыс әкімі инвесторлардың кез келген сын­дарлы ұсыныстарын құп­тайты­нын айтып, өңірдің туристік әлеуе­тін көтеруге арналған оң баста­маларды қолдайтынын жеткізді.

«СБ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз