Кезекті облыстық мәслихат сессиясы өтті. Қандай мәселе қаралды?

639

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен кезекті 51 облыстық мәслихат сессиясы өтті. Күн тәртібінде 8 мәселе қаралды. Атап айтқанда, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет, облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов өткен жылы атқарылған жұмыстар, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Медет Усаин Қызылорда облысының аумағында оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидаларын бекіту, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркін Әбішев Қызылорда облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау, облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Сұлтан Мақашев «Облыстық жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 17 қазандағы № 248 шешіміне өзгеріс енгізу, облыс бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Сәуле Құлымбетова «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы қызметін бағалау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 393 шешіміне өзгеріс енгізу туралы айтып, облыстық мәслихатының Экономика, қаржы және жергілікті басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Райхан Ысқақова есеп берді.

Жиында сөз бастаған аймақ басшысы 2021-2023 жылдарға арналған кезекті үш жылдық бюджет талқыланып, бекітілетінін айтты.- Коронавирус пандемиясының әлі де болса күшейіп жатқанын ескере отырып, келесі 2021 қаржы жылы да індетпен күресу және алдын алу шаралары жалғасатын болады.

Бұл тұрғыда өңір бюджеті басқа да сыртқы және ішкі факторларға, әсіресе ұлттық валютаның әлсіреуіне, минералдық ресурстар бағасының, мұнай өндірудің, бизнестің инвестициялық белсенділігінің төмендеуіне қарай әрекет етеді. Бұл жағдайда мемлекеттік шығыстардың сапалы жоспарлануы мен ашықтығы, сондай-ақ барынша тиімділігі маңызды. Коронавирус пандемиясына байланысты республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің азаюы болжамдануына орай Қазақстан Республикасы Заңымен жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке 200 млрд. теңге көлемінде ағымдағы нысаналы трансферттерді қайтару қарастырылуда. Қызылорда облысының қайтару үлесі 9,3 млрд.теңгені құрады.

Дегенмен, бюджеттен алып қоюға қарамастан, осыған дейін айтылған барлық міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етіледі. Ұсынылған жобада республикалық бюджеттен берілген трансферттерді қоса есептегенде 2021 жылға облыстық бюджеттің көлемі 411,5 млрд. теңгені құрайды, ал 2020 жылы облыстық бюджет 267,5 млрд. теңге құраған, яғни, 144 млрд. теңгеге ұлғайып отыр. Бұқаралық іс-шараларды, имидждік шығыстарды қаржыландыру тоқтатылды, мекемелердің әкімшілік шығыстары қысқартылды, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.Бюджетті жоспарлауда аймақ басшысы алты басымдықты атап өтті. Ең бірінші кезекте әлеуметтік салаға 218 млрд. теңге бөлінеді деп жоспарлануда.2021 жылы аймақ республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын инвестициялық жобаларды қоса қаржыландыру бойынша міндеттемелерді жабу, барлық ауыспалы жобалардың құрылысын аяқтау, облигациялық бағалы қағаздар мен мемлекеттік – жеке әріптестік жобалары бойынша міндеттемелерді өтейтін болады. Сондықтан 2022 жылға арналған бюджет жаңадан жоспарланады.

Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау, шағын және орта бизнесті несиелендіру секілді мемлекеттік қолдау шаралары болып табылады. Салынған бюджет қаражатының қайтарымы болады және белгілі бір экономикалық нәтижеге жұмыс жасайды.Пандемия кезінде ветеринарлық бақылау мәселесі өте өзекті болып отыр. Келесі жылы ветеринария, табиғатты қорғау шараларымен айналысатын мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оның ішінде арнайы автокөлік сатып алуға қаражат көзделеді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қолдау шаралары ұйымдастырылады. Су тасқынына қарсы іс-шараларға қаражат көзделеді.Әкімшілік полицияны, оның ішінде учаскелік полицейлерді қаржыландыру күшейтіледі, жоғарыда көрсетілгендерге байланысты құрылымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат көзделетін болады.Сессияда Қызылорда қаласы бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты облыстық бюджетке бөлу нормативін 30%-дан 90%-ға дейін қайта қарау ұсынылды.Облыстық мәслихат хатшысы Қылышбай Бисенов 2019 жылғы 5 қыркүйектен бастап атқарылған жұмыстар туралы баяндап, есепті кезеңде Қызылорда облыстық мәслихатының 14 сессиясы өткізіліп, жалпы саны 167 шешім қабылданғанын атап өтті.

Бүкіләлемдік пандемияның салдарынан 4 сессия онлайн режимде өткен.Шара барысында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат депутаты Амангелді Арысбаевтың Шымкент қаласына басқа қызметке ауысуына орай «Құрмет» грамотасын табыстап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.Сонымен қатар облыстық мәслихаттың депутаттары Райкүл Байназарова мен Жорабек Нұрымбетов жалпы атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдірді.Сессияда көтерілген мәселелер қолдау тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<