Мемлекет басшысы облыс әкімін қабылдады

416

0

Қазақстан Президентіне биылғы 9 ай ішіндегі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп берілді.

Гүлшара Әбдіқалықова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қы­зылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарының әзірленуі ту­ралы мәлімет берді. Онда экономиканың түрлі салалары бойынша құны 271 миллиард теңге болатын 265 жо­баны жүзеге асыру және 4610 тұрақты жұмыс орнын ашу қарастырылуда. Облыс әкі­мінің айтуынша, биыл жалпы құны 26 миллиард теңге болатын 110 жоба іске асырыла бастаған. Бұл бастамалар аясында 2000 жұмыс орны ашылады.

Қазақстан Президентіне 15,5 мың гек­т­ар жерге егілген дәнді және майлы да­қылдарды жинау науқанының аяқталғаны жөнінде ақпарат берілді. 551,3 мың тонна күріш жиналып, жақсы көрсеткішке қол жеткізілген.

Облыс әкімі Мемлекет бас­шысына «Жұмыспен қамту­дың жол картасының» іске асы­рылу барысы туралы айтты. Бұл бағдарлама аясында инфра­құрылымдық жобалар­ды жүзеге асыру үшін 38 мил­­лиард теңге тартылып, 9 мың­­нан астам жұмыс орны ашылған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстағы коронавируспен күреске қарсы қабылданған шаралар туралы баяндалды. Өңір әкімінің айтуынша, қазіргі таңда барлық медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс іс­теп жатыр. Қажет болған жағдайда 21 жұқ­палы аурулар стационарында қо­сымша 3200-ге дейін төсек-орын дайындауға мүмкіндік бар. Аймақ қажетті дәрі-дәрмектермен және қор­ғаныш құ­рал­дары­мен то­лық қамтамасыз етілген. Гүлшара Әбдіқалықова Пре­зи­дентке 200 орын­дық модульді жұқ­палы аурулар ауру­ханасының құрылысы бас­талғанын жет­кізді. Нысан осы жылдың 1 желтоқсанына дейін іске қо­сы­лады деп жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қызылорда об­лы­сының әкіміне қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өсім көр­сеткішін жақсарту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, экономикалық жобаларды әртараптандыру қажеттігіне қатысты бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ Президент өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<