Өңірде нәтижелі еңбек бар

748

0

Биылғы жыл әлемді шарпыған дағдарыспен ерекшеленіп, пандемия әрбір салаға өз әсерін тигізді. Дегенмен, аймақта төрт түлік саны біршама өскен, агроөндіріс кешенінің үлесі артқан, құрылыс қарқынды деген мәлімет бар. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова осындай деректермен бөлісті.

Өңірде 485 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Мұның өзі «баспаналы болсам» деген елдің, жас отбасылардың тілегі орындалғанын көрсетеді. Карантин уақытында бизнеске айтарлықтай қолдау болғаны, кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру күн тәртібіндегі мәселе екенін де айтылды. Ауыл кәсіпкерлерін жеңілдікпен несиелендіруге бағытталған «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының қызметі 2025 жылға дейін ұзартылуы да нәтижелі еңбекті көрсетеді.

Бұдан бөлек, қазір облыста коронавирустың екінші толқынына дайындық жүруде. 3200 төсек-орынды 21 стационар құрылысы аяқталуға жақын. Аймақтың басқа да өңірлерінде тиісті шаралар қабылданып, дәрі-дәрмек қоры толық жасақталды. Бұл әзірліктің жан-жақты пысықталғанын, өңір дамуына бастайтын жобалардың жалғасатынын байқатады. Біз де індет қаупі әлі де сейіле қоймағанын естен шығармауымыз керек. Бірінен соң бірі жалғасқан карантиндік шектеу шаралары оңай тимегенін және тәртіпке бағынып, сақтық шараларын орындау ең алдымен өзіміздің бас амандығымыз үшін керек екенін ұмытпауға тиіспіз.

Геннадий ШИПОВСКИХ,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<