Полиция департаментінің бастығын қабылдады

662

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бектөре Сұлтанды қабылдады.

Кездесуде департамент бас­­тығы аймақ басшысына об­лыстағы жедел ахуал мен қоғамдық-саяси жағдайды баян­дады деп хабарлайды об­лыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан өңірде 2690 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,4 процентке төмен. Облыс жолдарында орын алған жол-көлік оқи­ғалары және онда зардап шек­кендер саны да азайған.

Ал, жыл басынан бергі 8 айда жол қозғалысын бұзудың 100 мыңнан астам дерегі анықталып, олар бойынша 760 млн теңге айыппұл салынған. Нә­тижесінде, облыстық бюд­жетке 486 млн теңге қаржы өндірілді.

Қабылдау кезінде облыс әкімі Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асы­ру мақсатында «полиция қа­дамдық қолжетімділікте» қа­ғидаты бойынша жұмысты одан әрі жетілдіру, полиция қызметінің қолжетімділігі мен ашықтығын арттырып, тұр­ғындармен өзара тиімді бай­ланыс жасау мәселесін жан­дандыру қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде Бектөре Сұлтан учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін заң жүзінде бекіту мәселесі қа­ралып жатқанын тілге тиек етті.

Департамент бастығы іш­кі істер органдарының ма­териалдық-техникалық база­сын нығайтуда қолдау көрсетіп келетін облыс басшылығына алғысын білдірді.

Қабылдау барысында об­лыс әкімі цифрландыру, бей­небақылау камерала­рын мо­дер­низациялау және облыс жолдарында жылдам­дық өл­шегіш құрылғыларын орнату мәселесін талқылап, тиісті тапсырмалар берді.

Айту керек, қазірдің өзін­де қылмыстық істердің жүр­гізілуінің 60%-і электронды фор­матқа көшкен. Жыл со­ңына дейін көрсеткіш тағы да ұлғаймақ.

Кездесу соңында аймақ басшысы Полиция департа­мен­тінің алдына нақты міндет­тер қойды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<