Президент мақаласы Брайль жүйесінде жазылды

360

0

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы жарияланған болатын.


Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының кітапханашысы, І топ көз мүгедегі Ақмарал Нүрлиева зағип жандар үшін осы мақаланы брайль қарпінде жазып шықты. Ол өзі секілді мүмкіндігі шектеулі жандардың сұранысы сәйкес осы еңбекті жасағанын айтады.
«Мүмкіндігі шектеулі жандар да ел жаңалықтарынан, мемлекеттің саясатынан хабардар болғысы келеді. Олар да өз хәлдерінше Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына үлестерін қоспақ ниетте. Сол мақсатта маған Президент мақаласын оқу үшін брайль қарпінде жазуымды өтінді. Мен бұл ұсынысты қуана қабылдадым, – деді Ақмарал Нүрлиева.
Сондай-ақ арнаулы кітапхана жанындағы дыбыс жазу студиясы мақаланың дыбыстандырылған нұсқасын дайындап, тыңдармандарына ұсынды. Оқырмандар кітапхана қоры құнды дүниелермен толыққанына қуанышты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз