Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысы шықты

5866

0

Құрметті облыс тұрғындары!

Қызылорда облысы халқы арасында коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында бүгін, яғни 2020 жылдың 31 қазанында  Қызылорда облысы бойынша  карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы жаңа Қаулы шықты.

1.Аталған Қаулыға сәйкес бұған дейін енгізілген бірқатар шектеулер, тыйым салулар жалғасады. Атап айтқанда:

1) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;

2) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салу жалғасады.

2. Жаңа Қаулыға сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен келесі нысандардың қызметі жалғастырылсын:

1) ашық ауада және үй-жайда қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін;

2) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметі;

3) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін толықтырылуын 50%-дан асырмай моншалардың, сауналардың қызметі;

4) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін алдын ала жазылу бойынша, толықтырылуын 50% – дан асырмай және бір келушіге кемінде 5 ш. м. қамтамасыз етіп, фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі;

21) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін бір адамға су айнасының 5 ш. м. есебінен жеке форматта, алдын ала жазылу бойынша бассейндер қызметі;

22) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға арналған спорт кешендерінің қызметі;

25) сағат 6.00 ден 22.00-ге дейін  әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің ойын-сауық объектілері жоқ саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруы;

26) сағат 6.00 ден 23.00-ге дейін  қоғамдық көліктің жұмысы;

29)  жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін белгілей отырып, ХҚКО-ның жұмысын ұйымдастыру жалғасады.

3.Қайта бастауды қамтамасыз етсін:

1) бір мезгілде 30 адамнан асырмай, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын;

2) ағымдағы жылғы 2-ші қарашасынан бастап сенбі күндері сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін толтырылуын 30%-дан асырмай, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктер), сауда желілерінің жұмысын;

3) ағымдағы жылғы 2 –ші қарашасынан бастап сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін кинотеатрлар қызметін  қайта бастау қамтамасыз етілсін (толтырылуы 30%-дан аспайды, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, шахмат тәртібімен отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып).

4. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері мынадай шектеу шараларын енгізілсін:

1) азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, 2000 және одан да көп ш.м. көлемімен сауда объектілерінің, жұмысын тоқтата тұруды;

2) азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұруды.

5. Осы Қаулы 2020 жылдың «02» қараша  00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<