Қызылордада «Atameken Qyzylorda» микроқаржы ұйымы құрылды

725

0

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.
Аталмыш ұйым «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқып, сертификатқа ие болған азаматтардың жобасын қаржыландырумен айналысатын болады.


«2017-2020 жылдары Қызылорда облысында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 8 958 адам оқу курсынан өтті, олардың тек 39%-ы немесе 3495 түлек 3,4 млрд теңге көлемінде қаржыландыру алды. Алайда қаржыландырылған жобалардың 77% немесе 2685-інің негізгі қаржыландыру көзі қайтарымсыз қаржы – гранттар болып отыр. Жобалардың тек 23%-ы ғана шағын несие беру тетігі арқылы қаржыландырылған. 2021 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы аясында тағы 2500 адамды оқыту жоспарлануда, басым бөлігі оқытылды да. Бұрын қаржыландыру алмаған жоба түлектерінің 61%-ын ескерсек, жобасы қаржыландырылуды қажет ететін бастаулықтардың саны жобамен 7 мыңнан асып кетеді. Осы жағдайларды ескер келе, «Атамекен» тек қана «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқыған азаматтардың жобасын қаржыландыратын арнайы микроқаржы ұйымын құру жөнінде бастама көтерді. Қазір аталмыш ұйымдар барлық өңірде құрылды, соның ішінде біздің облыс та бар», – дейді Ғалымбек Жақсылықов.


Республика көлемінде бастаулықтардың жобасын қаржыландыруға 22,5 млрд.теңге бөлінген. Қызылорда облысының үлесі 1 млрд.теңге.

Несие бизнес-жоспарын қорғаған «Бастау-Бизнес» жобасының түлектеріне беріледі. Несиені кез келген салада бизнесті дамыту үшін алуға болады.


Тек микроқаржы ұйымы несиені тұтынушылық мақсатқа, бұрын алған несиені өтеу, несие берешегін қайта қаржыландыруға, жылжымайтын тұрғын үй, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алуға бермейді.


Несие 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі.

Несиеге өтінім беру үшін белгіленген формадағы несие беруге өтініш және клиенттің сауалнамасы болуы керек. Мұнан өзге жеке кәсіпкерлікті немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, өтінім берушінің жеке куәлігі, несие тарихы, банктер мен салық органдарында берешегі жоқтығы туралы анықтамалар, кепілмен қамтамасыз етуге арналған құжаттар болуы керек.


Аулдық жерде тұратын азаматтар Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына арқылы өтінім бере алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<