Қызылордада садақа жәшігін ұрлағандар ұсталды

444

0

Қызылордада мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған екеу ұсталды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы 1 наурыз күні түнгі уақыт 02:30 шамасында орын алған ұрлықтың “ізі суымай” ашылды. Белгісіз адамдар қала аумағында орналасқан мешіттердің бірінде аулада тұрған садақа жәшігін бұзып, ішіндегі ақшаларын ұрлап кеткен.

Бейнебақылау камерасының көмегімен екі облыс тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<