Ісмерлік ілгерілеусіз қалмайды

296

0

 

ҚАРМАҚШЫ. Қорқыт баба жатқан Қармақшыға жол түсті. Қай­тар жолда Жалағашты да көре кету жоспарымыз бар. Басты мақсат – мемлекет қам­қорлығымен өз ісін көр­кейтіп, өнімін елге ұсынған кәсіп иелерінің қарқынын бағамдау. Мұнда нарыққа бейімделіп, ша­ғын кәсібін өрістеткен тұрғын­дар көбеймесе, азайған емес. Біз танысқан жеке кәсіпкерлердің көбісі отбасылық бизнесті дамы­туға күш салған.

Қармақшы аудандық кәсіп­керлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Еркебұлан Әбдікеровтің айтуынша, ауданда 3206 кәсіпкерлік субъектісі болса, оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі  90,5% құрайды.

– Аудан экономикасының негізгі бағыты – ауыл шаруа­шылығы саласы. Сондықтан іске асырылған жобалардың 80 проценті сол салаға байла­нысты. Ал қалғаны сауда, қыз­мет көрсету және өнеркәсіп са­ласындағы жобаларды құрайды. Биылғы басты мақсат – өндіріс, өңдеу өнеркәсібіне қатысты жобаларды іске асыруға басымдық беру. Біз барлық елді мекендегі өндіріс саласындағы жобаларды іріктедік. Қазір осыларды қаржыландыру жұмыстары жүр­гізілуде, – дейді бөлім басшысы.

Былтыр Қармақшыда  мемле­кеттік бағдарламалар шеңбе­рінде 420 жоба қаржылан­ды­рылған. Оның ішінде 205 шағын кәсіпкерлікке 89 млн теңге грант қаражаты, 215 жобаға 923 млн теңге жеңілдетілген не­сие берілген. Ал кәсіпкерлік негіздері бойынша 675 адам оқу курстарынан өтіпті.

Киім тіккен

Қайрат

Шыны керек, елде жеңіл өнеркәсіп саласы еңсесін тік­теп келеді. Оның ішінде киім-кешек тігуде шағын кәсіпкер­ліктің орны бөлек болып тұр. Қармақшыда джинси матасынан түрлі сырт киімдер тігіп, кәсібін дөңгелентіп отырған Қай­рат Мұсабековтың тігін це­хында болдық. Мүмкіндігі шек­теулі бола тұра, былтырдан бері жеке кәсіп ашып, «Еңбек» бағ­дарламасы аясында 1,5 млн теңге несие алған. Өз үйінің ауласынан тігін цехын жабдықтап, бес тігін машинасын сатып алыпты.

– Жігіт болып, әскерге бармай тұрып осындай ісмерлікті үйренгем. Кейіннен басқа жұ­мыс істедім. Заман ағымына ілесіп осы цехты аштым, оған аудандағы жігіттер де қолдау көрсетті. Джинси материалынан ер адамдарға және балаларға жылы сырт киімдер тігемін, – дейді тігінші кәсіпкер.

Айтпақшы, Қайрат былтыр қазан айында облыстық кә­сіп­керлік және туризм басқар­ма­сының ұйымдасты­руымен өт­кен «Өзіңе сене баста!» атты мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер форумына да қатысқан. Онда қармақшылық тігінші бірінші орын иеленіп, облыс әкімінің Ал­ғыс хаты және 1 млн теңге кө­леміндегі грантын жеңіп алған. 

Жосалыдағы

жиһаз цехы

Қармақшыда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарла­масы аясында 50 миллионға жу­ық теңгеге үш жоба қаржы­ландырылған. Оның ішінде Жосалы кентінің тұрғыны Әмит Елубаевтың жиһаз цехы да бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жастайынан ағаштан бұйымдар жасайтын ол осы салада ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келеді. Заңды түрде жеке кәсіп ашқалы 10 жылдан астам уақыт өтіпті. Бүгінде жоғарыда айтылған бағдарлама негізінде «Даму» қорынан 4 млн теңге жеңілдетілген несие алып, цех ашқан Әмит өзімен бірге 6 адамды жұмыспен қамтып отыр.

– Алғашында аудандық тұ­ты­нушылар одағында ағаш ұс­тасы болып еңбек еттім. Кейін нарыққа бейімделдім. Аудан тұрғындарынан ағаштан есік-терезе, қол жуғыш, шәй үстеліне тапсырыстар алып, кәсібімді осылай біртіндеп кеңейткенмін. Тұрғындар тарапынан плас­тик есік-терезелерге сұ­раныс кө­бейді. Шаруа осылай басталды. Бүгін өздеріңіз куә болғандай цех ашып, несие көмегімен станоктар алдыртып, түрлі үй жиһаздарын жасай бастадық, – дейді Әмит.

Кәсіпкердің айтуынша, кәсіп ашам дегендерге мемлекет тарапынан берілген мүмкіндік көп. Тек тәуекел етсе болғаны.

Қазір цехта ауданның алдың­ғы қатарлы ұсталары жұмыс істейді. Айтпақшы, өзінің сапалы өнімімен көпшілік алғысын жиі алатын Әмит Елубаев былтыр аудандағы «Жылдың үздік кәсіпкері» атанған. Елге ұнамды істің айналасында жүрген кә­сіпкер ұстаның еңбек жолы ын­талы адамның қолынан бәрі келетініне тағы бір дәлел болатындай.

Тегіс көше.

Түрленген

ғимараттар

Былтыр Қармақшыда «Ауыл – ел бесігі» республикалық жобасы аясында көп жұмыстар атқарылыпты. Санамалап айт­сақ, Жосалы кентінде 9 көше орташа жөндеуден өтіп, екі мектеп пен аграрлы-техникалық колледжге күрделі жөндеу жүр­гізілген. Сондай-ақ «Шипагер» емханасына ағымдағы жөндеу жұмыстары, ал «Жыраулар үйі» ғимараты толық күрделі жөн­деуден өтіпті.

– Бұл Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйі 2006 жылы ашылған болатын. Содан бері осында ұлттық өнерден дәріс алған көп шәкірттеріміз республикаға дейін танымал болып келеді. Ғимарат көптен жөндеу көрмеген. Былтыр «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 43 миллионнан астам қаржы бөлініп,  шатыры ауыс­ты­­рылып, ішкі жұмыстарын қай­­та жасап шықтық. Қазір бізде 6 жыраулық дәстүр бағы­тында үйірме болса, онда жүз­ден астам бала дәріс алуда. Жаңадан жарақталған ғимарат ішінде біздің ұжым ұлт өнерін асқақтатуда, оны дәріптеуде тал­май еңбек ете береді, – дейді «Жыраулар үйі» КММ директоры Амандық Бүрлібаев.

Иә, айтып өткен барлық жұ­мыстарға 1,2 млрд теңге қаржы қаралып, нысандардың жұмысы толық аяқталған. Тағы бір айтып өтетін жайт, жоба аясында рес­публикадан облысқа бө­лінген 1,4 млрд теңге болса, осынша көп ақшаның басым бөлігі Қар­мақшының жолдары мен әлеу­меттік нысандарын қайта жаң­ғыртуға бағытталғаны көрініп тұр. Айтпақшы, осыған бөлінген қаражаттан мемлекеттік сатып алу қорытындысымен үнем­делген 57 миллионнан ас­там теңгеге орталықтағы 4 кө­шеге жөндеу жұмыстары жүр­гі­зіл­ген.

Ержан ҚОЖАС,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<