Биыл 186 мың түлек мектеппен қоштасады

885

0

Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Биылғы оқу жылын 4 млн-ға жуық оқушы аяқтайды. Ал, 186 мың түлек мектеппен қоштасып, жаңа өмірге қадам басады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, шамамен 3,9 млн оқушы 2023-2024 оқу жылын бітірсе, оның ішінде 186 мың түлек мектеппен қоштасады.

Биыл ұзақтығы 34 апта болған оқу жылы 25 мамырда аяқталады. 

24 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде 1-10 сынып оқушылары үшін «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Мұнда сынып жетекшілері білім алушылармен бірге оқу жылын қорытындылайды.

186 мың 11-сыныпты бітіруші үшін соңғы қоңырау 25 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында өтеді.

Сондай-ақ емтихандарды өткізу уақыты белгілі болды. 5-8, 10 сынып оқушылары үшін емтихандар 27 мамырда басталады. 9 сынып оқушыларының емтихандары 29 мамырдан 10 маусымға дейін жалғасады. 11 сыныптар үшін қорытынды емтихандар 28 мамыр-11 маусым аралығына жоспарланған. Аттестаттарды салтанатты тапсыру 12-15 маусым аралығында өтеді. Бұл ретте айта кету керек, төтенше жағдай жарияланған өңірлерде оқушылар аралық және қорытынды емтихандардан босатылды. Олар: Ақтөбе облысында 9 мектеп, Атырау облысында 3 мектеп және Солтүстік Қазақстан облысында 5 мектеп.

156 мың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер үшін қорытынды аттестаттау 28 маусымға дейін жүргізіледі, ал диплом тапсыру рәсімі 28 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<