Сот өндірісіндегі цифрлық жаңашылдықтар

1013

0

        

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының сот жүйесінде «Төрелік» ақпараттық жүйесі қолданылысқа ие. Бұл жүйені қолданудың негізгі мақсаты, ол соттар алдында тұрған барлық функционалдық мақсаттаға қол жеткізумен тығыз байланысты. Бағдарламада Электрондық азаматтық істерге көшу және электрондық сот залын құру секілді іс-шаралар жоспары қарастырылған. Ақпараттық жүйені қодану келесі мақсаттарды, яғни: судья мен сот қызметкерінің жұмыс орнын автаматтандыру; сот отырыстарын дыбыс, -бейне жазба жүргізу; электрондық базалар мен құқықтық ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу, соттардың жұмысы туралы ақпараттарға азаматтардың қолжетімділігін арттыру, сот қарауындағы істер туралы ақпаратты және сот шешімдерін Интернет-сайтта жариялау сияқты мақсаттарды көздейді.


Сот жүйесін цифрландыру бағытындағы реформаларының мәні тәуелсіз сот төрелігіне сенім арттыру мен сот жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, заңдылықты қатаң сақтауға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.


Сот төрелігі бүгінде мүмкіндігінше ашық, жария түрде жүзеге асырылуда. Бұл бағытта жасалынып отырған үлкен қадам, ол сот отырыстарын дыбыс, -бейне жазба құрылғылларын қолдану арқылы жүргізу. Халықпен жұмыс жасаудағы перспективасы зор ақпараттық сервис – ол «Сот кабинеті» сервисі.


«Сот кабинеті» арқылы сотқа электронды түрде талап арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы сервис арқылы сотқа ұсынып, істің қозғалысын қадағалап отыруға болады. Бұл қызмет аясында жаңа заман талабына сай бдыбыс-бейнежазбаны енгізіп, сот отырысының электронды хаттамасы қалыптастырылады. Жасалған хаттаманы сот отырысының қатысушылары ғаламтор арқылы «Сот кабинетінен» көруіне болады. Пайдаланушының қалаған уақытында сот құжаттарын қарауға, іс бойынша сот актілерін басып шығарып алуына мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, сот процесіне қатысушыларды жедел хабардар етуден басқа бұл сервис пошталық хабарламаларды жолдаудан бас тартуға мүмкіндік беретінін атап айтқан жөн. Бұл пошталық шығындарға бөлінетін бюджет қаражатын айтарлықтай қысқартады. Азаматтар мен ұйымдарды сот қарауына шақыру туралы SMS-хабарлау және шақыру, сондай-ақ қабылданған сот құжаттары туралы азаматтарға жедел ақпарат беру сервисі де іске қосылған. АБФ шеңберінде соттарды бейнеконференция-байланыс жүйелерімен жабдықтау жолымен сот төрелігін қашықтықтан іске асыру мүмкіндігі де іске қосылды. Тапсырыс бойынша гибридті жөнелтілімдер технологиясын қолдану кезінде жергілікті соттардан жолдауға арналған ақпарат (сотқа шақыру қағазы) пошта байланысы бөлімшесіне электрондық түрде жолданады, «Қазпошта» АҚ жағында қағазға басылып, пошталық конвертке буып-түйіліп, соңғы адресатқа жеткізіледі. Бұл ретте жеткізілу немесе жеткізілудің мүмкін еместігі туралы статустар «Төрелік» ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.


Сот жүйесінде заманауи технологияларды, оның ішінде жоғарыда айтылған функцияларды пайдалану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, төрешілдік кедергілерді қысқартады, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың қысқаруына септігін тигізеді, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді, еліміздің халқы үшін сот жүйесінің максималды ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік береді.


Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігі тәсілдерінің бірі болып табылғандықтан ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдемек.

Р.Қайып,
Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<