Тіркелмеген кәсіпкерлерге шаралар қолданады

313

0

Кәсіпкерлер берілген жеңілдіктерді дұрыс қолданып, Конституцияда жазылған міндеттерін орындауға тиіс. Тіркелмеген кәсіпкерлерге заң аясында шара қолданады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаев мәлімдеді.
Айта кету керек, департамент қызметкерлері ауыл әкімдерімен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Бүгінде тіркелмеген салық төлеушілердің саны, олардың табыс көздері анықталды. Сондай-ақ, әр әкімшілікте салықпен айналысатын маманға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ал, маман тиісті есеп жүргізеді.
«Кәсіпкерлер арасында кәсібі туралы және оны тоқтатқаны жайында жалған деректер беретіндер бар. Бүгінгі таңда орта және шағын бизнес субъектілері салық есептерін жарты жылда бір рет тапсырады, кірістер департаменті есептерін камералық бақылауға алып, әрі қарай барлық мәліметтермен салыстырып талдау жүргізеді. Өкінішке орай, кәсіпкерлермен тапсырылған деректердің 40% жалған болып шығуда», – деді Серік Жолдасбекұлы.
Жақында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы БАҚ өкiлдерiмен Шиелі ауданында кездесу өткізді, отырысқа кент базарындағы 40-тан астам сатушының арызы себеп болды. Кездесу барысында жалған құжаттар ұсынып отырған кәсіпкерлер анықталды. Осыған байланысты камералық бақылаулар және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Арызданған 40 кәсіпкердің 9-ы жұмысын тоқтатқан, алайда салық төлейді, 2-і кәсібін жауып тастағанын жарияласа да сауда жасап отыр. Сонымен бірге сауда айналымына түскен табыс та сәйкес болу керек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<