ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫН ТІККЕН ТҮЛЕКТЕР

366

0

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ресейдің жоғары оқу орындарын бітірген алғашқы түлектермен «Туған жерге туыңды тік!» атты шарада кездесті. Биыл Мәскеу мен Санкт-Петербургтің маңдайалды техникалық университеттерінен 74 түлек диплом алып, 43-і магистратураға түсті. 

Бұл кездесуге келген кешегі студенттер, бүгінгі жас мамандар – 2014 жылы мектепті бітірісімен Ресейдің ірі қалаларына оқуға аттанған алғашқы қарлығаштар. Олар салған ізбен Мәскеу мен Санкт-Петербургтің озық оқу орындарында 452 қызылордалық студент Ресей Федерациясы үкіметінің гранты есебінен білім алуда. Туған жерге оралған түлектердің 14-і облыстың ірі кәсіпорындары – «СКЗ-U», «Қызыл­орда жарығы», «Ансар Сервис», «Теплотехник» жауапкершілігі шек­теулі серіктестіктеріне,  маман­дандырылған  мемлекеттік мекемелер – индустриалды-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық басқар­малары мен жастар ресурстық ор­та­лығына және т.б. жұмысқа орна­ласты. Жыл соңына дейін тағы 12 түлек жұмысқа кіріседі, ал 5 түлек әртүрлі себептермен (қоныс аудару және т.б. байланысты) ұсынылған жұмыс орындарынан бас тартқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<