Қызылорда облысында мың шақырым газ құбыры тартылады

369

0

Бүгін Елбасының қатысуымен өтетін жалпыұлттық телекөпір аясында бірнеше индустриялық жоба іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сонымен қатар іс-шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алтын сапа», «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттады. 
Ал Қызылорда облысында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынып жатқан тампонажды цемент зауыты өңір экономикасына тың серпін беруі тиіс. Жылына 1 млн тонна өнім шығаруға қауқарлы өндіріс ошағының болашағы зор. Себебі мұнай-газ, ғарыш және атом саласына тампонажды цемент аса қажет. Кәсіпорын құм, әк және қиыршық тас секілді шикізат түрлерін осы Шиелінің төңірегінен алады. Қазақ-қытай біріккен кәсіпорны дайын өнімдерін ел аумағынан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанға экспорттайды. Сондай-ақ Сыр елінде Сарыарқа магистральды газ құбырының құрылысы басталмақ. 2 миллиондай ел тұрғыны көгілдір отын игілігін көретін күн алыс емес. Қараөзек газ компрессорлық станциясынан 44 шақырым жерде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының бойынан бұрып салынатын жоба аясында мың шақырымнан астам магистральды желі тартылады. Құрылыс аяқталғанда ел орталығы мен солтүстік өңірлеріндегі 171 елді мекен көгілдір отынға қосылады деп жоспарланып отыр.
Ерлан Жоламанов, облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары:
– Бұрын көмір отынын пайдаланып келген ол жақтарда қаншама жылу электр станциялары бар, солардың барлығы да газға қосылады. Қазір Астана қаласының жобасы жасалып жатыр, ол жақта жаңа жылу-электр орталығы салынып жатыр. Астана қаласында соның барлығын жобалаған кезде бірден газға қосылуын қарастырып жатыр.

www.24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<