Жалағаш көшелері көркейіп келеді

1463

0

Биыл «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында Жалағаш кентінде 6 көше орташа жөндеуден өтеді деп жоспарланған. Бүгінде Қазыбек би көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталған. Қалған 5 көшеде қызу жұмыс жүргізілуде.

– Бұл 5 көшенің қатарында Б.Сопбеков, А.Бисенов, А.Иманов, Әйтеке би, Сәрке батыр көшелері бар. Жөндеу жұмыстарына 501 739,9 мың теңге бөлінген. Мердігер мекеме – «Real Story Invest» ЖШС. Жөндеу жұмыстарына 151 адам жұмысқа қабылданды. Қыркүйектің 3-не пайдалануға беру керек болатын, бірақ 10 қазанға дейін рұқсат сұрап тұр. Өйткені, жол жөндеу мен газ жүргізу қатар қолға алынғаны аздап кедергі болған еді. Десе де, қазір жол жөндеу жұмысының 50 процентінен астамы аяқталып тұр, – дейді Жалағаш кенті әкімінің орынбасары Берік Дүйсембиев.

Аталған бағдарлама аясында бүгінде жөндеуі аяқталған Қазыбек би көшесі. Мұнда аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 10 адам жұмыспен қамтылды. Мердігер мекеме – «Ақнұр-Авто» ЖШС.

Сонымен қатар, Қ.Сәтпаев, кенттің басқа да кө­ше­лерінің ағымдағы жөндеу жұ­мыстарына жергілікті бюджет­тен қаражат бөлініп, жақын арада қолға алынбақ. Айта кетейік, Жа­лағаш кентінде орталық алаң да жаңаша кейіпке енуде. Мұн­дағы жөндеу жұмыстарына рес­публикалық  бюджеттен  38302,8 мың теңге бөлініп, жұмыс жүргізілуде. Мердігер мекеме – «МКК-Элит Строй» ЖШС. Бұл жерде аудан тұрғындарынан 10 адам жұмыспен қамтылған.

Дәулет Қырдан,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<