Жаңа Су кодексі әзірленеді

793

0

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2021 жылы Қазақстанның жаңа Су кодексі әзірленетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Көптеген сарапшының бағалауынша, су заңнамасы одан әрі жетілдіруді талап етеді. Қолданыстағы кодекске он жеті жыл ішінде 62 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде құқық қолдану реттілігінің жоғалуы байқалады. Бұл тұтастай алғанда су шаруашылығының барлық деңгейлерінде жағдайдың нашарлауына әкеледі», деді ол Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Сонымен қатар министр кодекс су шаруашылығы құрылыстарын жобалау, салу және пайдаланудың техникалық мәселелерін реттемейтіндігін атап өтті.

«Бұл мәселелер әртүрлі құрылыс нормалары және ережелерімен, министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтарымен реттеледі. Осы ретте Гидротехникалық құрылыстарға қатысты қауіпсіздік мәселелері арнайы заңмен реттелуі тиіс. Осыны ескере отырып, 2021 жылға жаңа Су кодексінің және «Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы» Заңының тұжырымдамаларын әзірлеу жоспарланған. Бұдан басқа, су ресурстарын ұлғайтудың балама жолдарын пайдалану, өнеркәсіпте, ауыл және коммуналдық шаруашылықта суды пайдалану тиімділігін арттыру, сондай-ақ су ресурстарын елдің су тапшылығы бар өңірлеріне жіберу мүмкіндігін зерттеуге бағытталған ғылыми блок қалыптастырылды», деді Мағзұм Мырзағалиев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<